Жүсіп Хас Қажыбтың “Құтты Білік” шығармасындағы “әділеттілік” ұғымы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/10.26577/jpcp.2023.v.85.i3.03
        258 142

Аннотация

Аннотация. Бұл мақалада Баласағұндық Жүсіп Хас Қажыбтың «Құтты білік» атты шығармасындағы «әділет» ұғымының мағынасы қарастырылады. Мақаланың негізгі мақсаты – Жүсіп Хас Қажыбтың «әділет» ұғымына қатысты ой-пікірлері мен тұжырымдарын талдай отырып, ұлы ойшыл Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фараби көзқарастарымен үйлесімділігін және Қазақстан Президенті Қ.-Ж. Тоқаев ұсынған «Әділетті мемлекет» және «Жаңа Қазақстан» идеяларымен сабақтастығын анықтау болып табылады. «Құтты білік» шығармасын жүйелі талдау нәтижесінде «әділет» ұғымын қоғамдық қатынастарды этикалық реттеудің негізгі қағидасы, сонымен қатар бұл ұғымды өз халқына әділдік пен бақыт әкелетін адамның (бірінші билеуші) қасиеті ретінде сипаттайды. Жүсіп Хас Қажыб өз еңбегін халқын бақытқа жеткізетін, әділетті және ізгі қоғам орнатушы жаңа билік буынын қалыптастыру мақсатында жазылғаны айқындалды. Сонымен қатар, Жүсіп Хас Қажыб пен әл-Фарабидің «әділет», «әділетті қоғам» туралы пікірлерін салыстырмалы талдау олардың көзқарастарының бір-бірімен терең үйлесім тапқаны анықталды. Әл-Фарабидің саяси көшбасшылық туралы ілімінде «әділет» ұғымы да билеушінің маңызды қасиеттерінің бірі ретінде сипатталған. Әл-Фарабидің де саяси көшбасшылық доктринасында да «әділеттілік» ұғымы қайырымды қала басшысының ең маңызды табиғи сапалық қасиеттерінің бірі ретінде де сипатталған. Сондай-ақ, мақалада қос ойшылдың «әділдік» ұғымы жөніндегі айтылған пікірлерінің бүгінгі күнгі елімізде жүзеге асып жатқан идеялық бағдарламалармен сабақтастығы айқындалды. Мақала әл-Фараби мен Жүсіп Хас Қажыбтың саяси-әлеуметтік ілімдерінің мәнін терең ашуға, жаңа қырларын анықтауға және қазіргі кезеңмен сабақтастығын теориялық-әдістемелік жағынан анықтауға негіз болары сөзсіз.

Кілт сөздер: Түрік ойшылдары, түрік философиясы, әл-Фараби, Жүсіп Хас Қажыб, «Құтты білік», әділет, «Әділетті мемлекет», «Жаңа Қазақстан».

Автордың биографиясы

Zh. Amrebayeva, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

http://orcid.org/0000-0002-0126-4097

Жүктелулер

2023-09-24 — Обновлена 2023-10-31

Как цитировать

Nauruzbayev, D., Abzhalov, S., Bazarbayev, K., Kolukirik, S., & Amrebayeva, Z. (2023). Жүсіп Хас Қажыбтың “Құтты Білік” шығармасындағы “әділеттілік” ұғымы. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 85(3). https://doi.org/10.26577/10.26577/jpcp.2023.v.85.i3.03