Әбу Насыр әл-Фараби мұрасын зерттеудегі түркия қолжазба қорларының рөлі мен маңызы
DOI:
https://doi.org/10.26577/10.26577/jpcp.2023.v.85.i3.08Аннотация
Мақалада ойшыл, ғалым, «Екінші ұстаз» Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 )Түркия мұрағат қорлары мен кітапханаларында сақтаулы еңбектерінің қолжазбалары туралы айтылып, кейбір қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы беріледі. Ғалым шығармаларының Түркияның сирек кітаптар қоры мен мұрағаттарында сақтаулы қолжазбалары аталып өтіп, қолжазбаларды көшірушілер мен олардың көшірілген мерзімдері, жазу түрі мен қолжазбаларға басылған мөрлердің түрлері көрсетіледі. Көне қазақ даласы – Отырарда дүниеге келіп, ілім іздеп жыраққа кеткен ғалымның шетел мұрағаттары мен кітапхана қорларында сан ғасырлар бойы зерттелмей жатқан жазба мұрасын Қазақстанға оралтуда Түркия қолжазба қорларының рөлі мен маңызы зор екені айтылады.
Мақаланы жазу барысында Түркияның Топкапы, Айясофия, Сүлеймение, Esad Efendi Kütüphanesi, Izmir Halk Kütüphanesi, Fatih Kütüphanesi, Beyazıt Devlet Kütüphanesi, Jarullah Kütüphanesi Şehit Ali Paşa Kütüphanesi т.б. электронды кітапхана қорлары пайдаланылды. Соңғы жылдары отандық фарабитану ғылымында қалыптасып келе жатқан соны бағыттардың бірі – дүниежүзі мұрағат қорларынан ғалым Әбу Насыр әл-Фараби шығармаларының қолжазбаларын жинау (электронды және қолжазба түрінде), табылған нұсқаларды салыстыру, ең толық сақталған нұсқасы негізінде ғалым трактаттарын тікелей араб тілінен аударып жариялау, ғылыми айналымға енгізу бағытында жүргізіліп жатқаны мақалада ғылыми дәлелденеді. Бұндай парадигмалық өзгерістер Әбу Насыр әл-Фараби мұрасының өз Отаны Қазақстанда зерттелеуінің әдістемелік жағынан жетілдіруін, болашақтағы отандық фарабитану саласының негізгі бағыттарын нақты айқындау міндеттерінің дұрыс қойылуын талап ететінін көрсетеді.
Кілт сөздер: Әбу Насыр әл-Фараби трактаттары, Түркия қолжазба қорлары, мөр, таңба, архив құжаттары, электронды кітапхана