Байқоңыр мәдени ландшафтының ғарыштық және тарихи нарративтері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v.87.i1.06
        116 68

Аннотация

Байқоңыр әйгілі ғарыш айлағымен байланысты топоним екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, осы атау Қазақстанның екі аумағында кездесетіндігі жөнінде санаулы адамдар ғана біледі. Ол Байқоңырдың бірі – Қызылорда облысында, екіншісі – Ұлытау аумағында орналасқан. Қызылордалық Байқоңыр жөнінде біраз еңбектер жазылғандықтан, бұл мақалада Ұлытау облысындағы Байқоңырға көңіл бөлінеді.

Ұлытаулық Байқоңырдың зерттеу жұмыстарының басым бөлігі ол аумақтың Байқоңыр петроглифтері және Бұланты шайқасы секілді тарихи ескерткіштерге арналған. Соған қарамастан, жергілікті тұрғындардың әңгімелерінде Байқоңыр тарихының ғылым саласында әлі ашылмаған тақырыптар кездеседі. Атап айтқанда, ол аумақта салынған бірінші ғарыш айлағы, Байқоңыр ғарыш айлағын іздестірген тыңшылар, жалған ғарыш айлағы, экологиялық қауіп-қатерге алып келген ғарыш полигоны, Байқоңыр ауылы, Бұланты шайқасы жөніндегі ауызекі әңгімелер.

Осындай тақырыптардың көптеп кездесуі Ұлытаулық Байқоңырдың мәдени ландшафтының әр алуандығын және маңыздылығын бейнелейді. Сондықтан,  Бұл мақаланың мақсаты – өңірдегі басым нарративтері, музей экспозициясы мен жергілікті тұрғындардың өзекті ауызекі әңгімелеріне сүйене отырып Байқоңырдың мәдени ландшафтын талдауға арналады. Ол нарративтер екі маңызды бөлімді қамтиды: біріншісі, ғарыш тақырыбындағы нарративтер және тарихи мұра нарративтері.

Мақалада мәдени ландшафтты зерттеудің антропологиялық әдістері, сандық және сапалық тәсілдері қолданылған. Жұмыстың басым бөлігі Астана, Жезқазған, Жезді, Қарсақпай, Байқоңыр және Ұлытау елді мекендерінде жүргізілген далалық зерттеулерге негізделген. Мәдени ландшафт реконструкциясында осы тақырыптардың музей мен қала кеңістігіндегі қолданылуы, жергілікті тұрғындардың ауызекі әңгімелері мен музей қызметкерлерінің сұхбатындағы орны талданған. Сонымен қатар, мұрағаттық құжаттар мен мұражай экспозициялары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы дискурстар да зерттеу шеңберіне енді.

Осы зерттеудің нәтижесінде, Байқоңырдың ғарыш және тарихи нарративтерін салыстыру арқылы ол тақырыптардың жергілікті халықтың пайымдауындағы қаншалықты өзекті екендігіне көз жеткіздік. Зерттеу мәдени ландшафтты қалпына келтіру үшін қолданылатын әртүрлі әдістер мен тәсілдерге назар аударады. Бұл мақала Байқоңырдың мәдени мұрасы мен тарихын түсінуге көмектеседі және мұражай экспозицияларын және осы аумақтың мәдени мұрасын ұсынудың басқа түрлерін дамытуға пайдалы болуы мүмкін.

Кілт сөздер: мәдени ландшафт, нарративтер, ғарыш, Байқоңыр, Байқоңыр петроглифтері, Бұланты шайқасы

TRANSLATE with x English Arabic Hebrew Polish Bulgarian Hindi Portuguese Catalan Hmong Daw Romanian Chinese Simplified Hungarian Russian Chinese Traditional Indonesian Slovak Czech Italian Slovenian Danish Japanese Spanish Dutch Klingon Swedish English Korean Thai Estonian Latvian Turkish Finnish Lithuanian Ukrainian French Malay Urdu German Maltese Vietnamese Greek Norwegian Welsh Haitian Creole Persian     TRANSLATE with COPY THE URL BELOW Back EMBED THE SNIPPET BELOW IN YOUR SITE Enable collaborative features and customize widget: Bing Webmaster Portal Back

Жүктелулер

Как цитировать

Бақытова , Л. (2024). Байқоңыр мәдени ландшафтының ғарыштық және тарихи нарративтері . ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 87(1). https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v.87.i1.06