Жaһaндaну шарттарында туындаған өзгeрістер динaмикacындағы дәстүрлі және инновациялық құндылықтар
DOI:
https://doi.org/10.26577/10.26577/jpcp.2023.v.85.i3.010Аннотация
Қоғам мүшелерінің құндылық бағдарларындағы үздіксіз өзгерістер осы процесті зерттеу міндетін қойып отыр. Сондықтан заманауи зерттеулерде жaһaндaну шарттарында туындаған өзгeрістер динaмикacындағы дәстүрлі және инновациялық құндылықтар арасындағы қатынасты анықтау өзекті болып табылады деп санаймыз. Бұл мақаланың басты мақсаты – ұсынылып отырған мәселеге қатысты тұжырымдарды философиялық, саясаттанулық, мәдениеттанулық тұрғыда жүйелеу. Мақсатты жүзеге асыру үшін дәстүрлі құндылықтар ұғымының мәнін дәйектеу, инновациялық құндылықтарды түсінудегі «дәстүр» және «инновация» ұғымдарының мәнін анықтау міндеттерін қойдық. Бұл үшін ең алдымен кіріспе бөлімінде жаһандану ұғымының негізгі тұжырымдарын анықтап алдық. Зерттеу жұмысының нәтижелері және талқылауының бірінші бөлімінде дәстүрлі құндылықтардың бірқатар негізгі тәсілдеріне сипаттама ұсынылды. Осы тәсілдердің сипаттамалары нәтижесінде дәстүрлі құндылықтардың негізгі 4 мәні мен 4 сипаттамалық белгілері айқындалады. Мақаланың екінші бөлімінде «дәстүр» және «инновация» ұғымдарының мәніне назар аударылады. Дәстүрлі және инновациялық құндылықтардың қоғам мүшелерінің өміріне ықпалы, қасиеттері мен қызметтері жүйеленеді. Саяси жаңғыру мен үздіксіз саяси реформалар жүріп жатқан қоғамда дәстүрлі және инновациялық құндылықтар қатар өмір сүретін әлеуметтік кеңістік қалыптасады деген қорытындыға келдік.
Түйін сөздер: жаһандану, дәстүрлі құндылықтар, инновациялық құндылықтар, саяси және әлеуметтік институттар, постиндустриалды қоғам, технологиялар