Қазіргі Қазақстан дизайнындағы жарнаманың рөлі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.84.i2.5Аннотация
Қазіргі дизайн оның түрлі сипаттарымен, оның арасында графикалық дизайны ерекше орын алады. Мәдени кеңістікте оның даму факторлары қандай деген сұрақтың жауабы мақалада қарастырылған. Қазіргі заманғы адамның ұтқырлығы «жолда» ақпарат алу қажеттілігін ту- дырады. Ол үшін ақпарат визуалды-экспрессивті сипаттамаларға ие. Мәдениетті объективті қайта құру процесі ретінде бейнелеу қазіргі заманғы жарнамалық дизайнды дамытудың негізі болып саналады. Қазіргі мәдениеттің көрнекі ерекшеліктеріне әсер ететін маңызды фактор ретінде жарнаманың бейнелеу мүмкіншілігі мол. Жарнамалық дизайн, ең алдымен, жарна- ма объектілерінің экспрессивті мүмкіндіктерін ғана емес, негізінен адамның рухани әлемінің байлығына бағытталған эстетикалық формамен байланысты.
Жарнамалық дизайн, ең алдымен, жарнама объектілерінің экспрессивті мүмкіндіктерін ғана емес, негізінен адамның рухани әлемінің байлығына бағытталған эстетикалық формамен байланы- сты. Жарнамалық дизайн маркетинг құралы, қоғамдағы құндылық қатынастарын, тұтынушының өмір салтын, нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайындағы оның имиджін қалыптастыру құралдарының бірі. Жарнамалық дизайн өте функционалды. Бір жағынан, ол жаппай өндірісті, нарықты, жаппай тұтынуды, екінші жағынан – рухани мәдениетін, материалдық әлемнің эстети- касын, бұқаралық тұтынушының сұлулық туралы түсініктерін біріктіреді. Графикалық дизайндық нысандар біздің бүкіл өмірімізді қалыптастыратын, пәрменді бөлшегі ретінде қызмет еткенімен дизайнның өз дамуы мен проблемалары мақалады сараланады.
Түйін сөздер: дизайн, графика, тұтынушы, рәміз, доминант, жарнама, таңба, жоба, визуал- ды, тектоника, нысан, мәдениет, заманауи, өнім, полиграфия,стиль, нысан, маман.