ЖАЛҒАН УРБАНИЗАЦИЯДАҒЫ ЖЕР ДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.84.i2.9Аннотация
Жер дауы даму мемлекеттерде жаңа деңгейге көтерілді. Үшін әлем елдері Латын Америкасы, Африка және Азия елдеріндегі халық санының күрт өсуінен урбанизация процессі арта түсті. Бұл өз кезегінде қала халқының санының артуына алып келді. Сонымен қатар, ауыл халқыда қалаға қоныс аударды. Қалалардың халқының санының тым артып кетуі түрлі деңгейдегі проблемма туғызды. Қала маңында түрлі деңгейдегі лашықтардың саны көбейе берді. Лашықтар өз кезегінде заңсыз салынды. Жерді халық басып алу көбейді. Мұндай урбанизацияны зерттеушілер жалған урбанизация деп атады. Жалған урбанизация барысында жер дауы өршей түсті. Үкіметтің шешімен заңсыз салынған құрылыстар бұзылды. Ал бұл өз кезегінде адам құқығы мәселесін алға шығарды. Яғни, жерді заңсыз басып алып, құрылыс салған адамдардың өмір сүру құқығы мен табиғи құқығы мәселесін құқықтанушылар мен қоғамтанушы ғалымдар көтерді. Осы уақытқа дейін жер дауын ресурсттық конфликт ретіде бағалап келсе, уақыт өте зерттеушілер жер дауы әлеуметтік конфликттік сипатқа ие деді. Қалалану кезіндегі жер дауына байланысты Латын Америкасы, Африка, Азия елдерінің зерттеушілері бірлестіктер құрды. Соған байланысты жер дауын шешуде заманауи технологияларды қолдануды қолға алды. Жер дауы өршіп тұрған қалалардағы аудандарға байланысты бағалаулар жасалды. Қалалану кезіндегі жер дауының өршуінің негізгі басты себебі ретінде әлеуметтік жағдайдың төмендігі деп баға берілді.
Кілтсөздер: жер дауы, қалалану, урбанизация, Латын Америкасы, Африка, Азия, конфлик, бағалау.