Түркиядағы қазақ диаспорасының құндылықтары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.83.i1.5
        334 124

Аннотация

Бұл мақалада Түркиядағы қазақтардың құндылықтық бағдарларын өзіндік жаңғырулар тұрғысынан қарастыра отырып, отандастармен өзара байланыстың маңыздылығын анықтауға талпынады. Қазіргі қазақ диаспорасының құндылықтық мағыналық әлемінің ерекшеліктерін зерттеу және оны мәдени талдаудан өткізілді.

Шағын этникалық қауымдастық әдетте өзінің мәдениетін өзі өмір сүретін ортада басымдық танытатын, мәдени доминанталық рөл атқаратын тарихи субъектілердің ресми кеңістіктік заңдарына сәйкес қалыптастырады. Бұл қатынастардан туындайтын заңдылықтар барлық диаспоралық қауымдастықтарға өмір сүру салтының ерекше сипатын анықтайды, ал қазақ диаспорасы осы өзара байланыстардан шеттеп қалмайды. Қазіргі шетелдегі қазақ диаспорасының құндылықтар жүйесін зерттеу қазіргі ғылыми инновациялық дамудың талабы болып табылады.

Оның ішінде әлеуметтік-мәдени ынтымақтасуын зерделеу дүниетанымдық жағынан алғанда маңызды. Зерттеуде этностың құндылықтар жүйесін зерттеудің түрлі ғылыми парадигмаларын пайдаланып, шетелдегі этникалық қауымдастықтың мәдени ахуалына, құндылықтарына теориялық және практикалық тұрғыда талдау жасалды. Шетел қазақтарының өмірін, мәдени келбеті, құндылықтық әлемінің ерекшеліктері зерделеніп, диаспоралық этникалық өзіндік сананың аксиологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық-методологиялық қырлары анықталды.

Шетелдегі этникалық топтардың басқа ұлттық ортадағы әлеуметтік-кәсіби құрылымдағы қоғамдық бағдарларын, қызмет түрлерінің беделдік дәрежесін, қалыптасқан әлеуметтік, экономикалық және мәдени рөлі зерттелді. Өндірістік, тұрмыстық салалардағы артықшылықтары анықталды. Шетел қазақтарының саяси, әлеуметтік, құқықтық, мәдени артықшылықтарын анықтау үшін өмір сүру салтын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ұстану дәрежесі бақылауға алынды. Түркиядағы қазақ диаспорасының құндылықтық әлемінің қалыптасуы мен дамуына, өзіндік өзгерістеріне мәдени сипаттама берілді.

Түйін сөздер: мәдениет, құндылық, бренд, фактор, мәдени зерттеу

Жүктелулер

Как цитировать

Abikenov, Z., Osserbayev, E., Kulzhanova, A., & Çobanoğlu, Ö. (2023). Түркиядағы қазақ диаспорасының құндылықтары. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 83(1). https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.83.i1.5