СӘН АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.1
        205 159

Аннотация

Бұл мақалада әр адамның күнделікті өміріндегі сән ұғымының маңыздылығына ғана емес, оның ол адамның рухани жандүниесіне деген әсеріне де назар аударылады және сәннің адамның ішкі әлеміндегі ықпалы арқылы оның мәдени, этикалық және басқа да сапалық қасиеттеріне әсерін зерттейді. Қазіргі қоғамды сәнсіз елестету тіптен мүмкін емес, өйткені ол адамның өзіне және өзін қоршаған ортаға деген көзқарасына айтарлықтай әсер етеді, сонымен қатар ол жеке адам мен әлеуметтік топтардың да мінез-құлқын айқындауға мүмкіндік беретін фактор ретінде әрекет етеді. Сән индустриясы адам өмірімен үнемі бірге дамып келеді әрі күнделікті тіршілікте де өте маңызды орынға ие. Адам бар және өмір бар жерде сән ұғымының маңызы да әрқашан түрленіп отырады. Сән – бұл өзіндік байланыс жүйесі, өзін-өзі көрсету тәсілі. Сәнгерлер өз туындылары арқылы адамдар арасында өзіндік ойын білдіруге мүмкіндік береді. Сән – бұл күрделі әлеуметтік-мәдени құбылыс, қоғамның негізгі құндылықтары мен даму тенденцияларымен тығыз байланысты әлеуметтік-мәдени реттеу механизмі. Бұл мақала сән ұғымының адам мінез-құлықындағы құндылықтар мен тенденцияларды талдауға арналған.

Түйін сөздер: сән, қоғам, этика, мәдениет, эстетика

Жүктелулер

Как цитировать

Abdullayeva, S. (2022). СӘН АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘДЕНИ ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 82(4), 4–10. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.1