ҚАЗІРГІ САЯСИ ЖАҒДАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕАЭО-қа ҚАТЫСУЫНЫҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.11Аннотация
Әлемдік экономикалық нарықтың жаңа архитектурасын құру саласындағы қазіргі жаһандық үдерістер интеграциялық бірлестіктерге арнайы назар аударады. Бүгінгі таңда ЕАЭО Еуразия кеңістігіндегі қарқынды дамып келе жатқан экономикалық интеграциялық бірлестіктердің бірі болып табылады. Одақ – халықаралық құқық қабілеттілігі мен құзыреті бар аймақтық экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы.
Дүние жүзіндегі геосаяси және экономикалық дағдарыстар интеграциялық жобалардың жұмыс істеуі мен жағдайына әсер етуде. Сондықтан, зерттеудің мақсаты ЕАЭО-ның қолданыстағы шарттарын және қазіргі саяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның ЕАЭО-на қатысуының факторларын, тәуекелдерін, перспективаларын талдау болып табылады. Авторлар зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан үшін ЕАЭО құрылымындағы ең үлкен тәуекел саяси тәуекел болып табылатындығын айқындады. Саяси тәуекел экономикалық тәуекелден басым және үлкен алаңдаушылық тудырады. Сонымен қатар, авторлар ЕАЭО дамуының түрлі перспективаларын қарастырады.
Түйін сөздер: интеграциялық одақтар, ЕАЭО, интеграциялық тәуекелдер, интеграциялық перспективалар.