ӘЛ-ФАРАБИДІҢ БІЛІМ ЖӘНЕ БІЛІМДІ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v81.i3.03
        114 120

Аннотация

Білім беру мәселесі жалпы мағынада адамның жүріс-тұрыс формасы мен білім алу процесін қамтитын өте өзекті сала. Білім беру адамның зияткерлік қабілеті арқылы қол жеткізетін өмірде қажет білімдер жүйесі мен қоғамның адамнан талап ететін жүріс-тұрыс формаларының үйретілуі болмақ. Демек білім беру екі жақты құрылымнан тұрады. Таразының бірінші басында жеке адам тұрса, екінші басында қоғам тұрады. Яғни білім беру ісі жеке тұлғалық әрі қоғамдық пайданы көздейтін процесс ретінде көрініс табады. Сонымен қатар білім беру ісі адамға кейбір құндылықтарды сіңіру жұмыстарын да қамтиды. Қоғамның жеке тұлғаның бойынан талап ететін құндылықтарына білім беру арқылы қол жеткізуге болады. Құндылықтарды адамға сіңіру жұмысы өз алдына философиялық бір мәселе. Осы орайда философ ретінде Фарабидің білім, білімнің табиғаты, мақсаты жайлы толғаныстары бізге маңызды ақпараттар ұсынады. Бұл мақалада, әл-Фарабидің философиялық жүйесіндегі білім мен педагогика мәселесі әлеуметтік феномен ретінде жан-жақты қарастырылады. Бұл феномен тікелей адам жанымен тығыз байланысты, сонымен қатар әрбір жеке тұлға қоғамның мүшесі болуға, өзінің жеке кемелінің деңгейіне жетуге, соның нәтижесінде өзіне қойылған басты мақсатқа жетуге  ерте жастан бастап дайындалатынын растайды. Білімге бағытталған іс-әрекеттердің барлығы әл-Фарабидің ойынша, белгілі бір кезеңде және қоғамда құндылықтар, ілім мен тәжірибелік мүмкіндіктерді тұлғаның игеруі деп тұжырымдайды. Білім алудың басты мақсаты жеке тұлғаны кемеліне жеткізу болса, ал әлемде адамзаттың өмір сүруінің басты мақсаты абсолюттік жақсылық – жоғарғы деңгей деп танылатын бақытқа жету деп анықталады.

Әл-Фараби білім алу мақсаттары ретінде үйрену мен тәжірибені бір деңгейде біріктерді: кез келген алынған теориялық білім тәжірибе жүзінде іске асылыруы тиіс деп тұжырымдайды.

Түйін сөздер:  Білім беру, теория, тәжірибе, саяси көшбасшы, моральдық, жеке тұлға, педагогика, интеллектуалды білім, дидактика.

Автордың биографиясы

P М Suleimenov

 

Жүктелулер

Как цитировать

Kopbay А. Z., Nurgaliev К. Т., & Suleimenov P. М. (2022). ӘЛ-ФАРАБИДІҢ БІЛІМ ЖӘНЕ БІЛІМДІ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 81(3). https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v81.i3.03