Адамның, құдайдың және табиғаттың өзара байланысы туралы философиялық түсінік

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v79.i1.02
        87 59

Аннотация

Аннотация: Философтар мыңдаған жылдар бойы адам, Құдай және табиғат арасындағы қарым-қатынасты талқылап келе жатыр. Ол мұсылман ба немесе мұсылман емес екендігіне қарамастан, туындайтын сұрақтар қатары бірдей: адамдарға тиесілі өзгермейтін немесе өзгеретін негізгі табиғат бар ма? Бар болса, ол неге ұқсас? Құдайдың адам табиғатымен байланысы қандай? Бұл сұрақтарға жауаптар саясат, экономика, психология, әлеуметтану, теология, философия және тіпті ғылым туралы тұжырымдарға қалай әсер етеді? Бұл ғылыми мақалада авторлар ислам философтарының идеяларын және қасиетті жазбалардағы (Құран мен Сүннетті) бастапқы алғышарттарды пайдалану арқылы жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап беруге және мысалдар келтіруге тырысты. Олардың әрқайсысының өзіндік тарихи шығу тегі бар екені ескеріле отырып, авторлар адам табиғаты туралы әртүрлі көзқарастарды үш категория бойынша жіктейді және тұжырымдайды. Бұл категориялар - әлем мен табиғаттың арақатынасы, табиғат пен адамның қатынасы, табиғат пен Құдайдың қатынасы ретінде анықталады. Мұндай ойлар контексінде қазақ философиясының көрнекті өкілдерінің негізгі философиялық-діни идеялары да қарастырылады. Зерттеу қорытындысында жоғарыда көрсетілген философиялық тұжырымдамалардың қазіргі философия үшін маңызы туралы да айтылады.

Түйін сөздер: философия, ислам, адам, Құдай, табиғат.

 

Авторлардың биографисы

Ibrahim Ozdemir, Ускюдар Университеті

Ускюдар университетінің философия департаментінің меңгерушісі

А. B. Keldinova, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

 PhD докторант

Жүктелулер

Как цитировать

Ozdemir, I., & Keldinova А. B. (2022). Адамның, құдайдың және табиғаттың өзара байланысы туралы философиялық түсінік. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 79(1). https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v79.i1.02