ЖАҒЫМПАЗДЫҚ ҒЫЛЫМ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ: ӘДЕБИ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.9
        151 110

Аннотация

Аннотация: Жағымпаздық зерттелуі өте күрделі түсінік. Өйткені жағымпаздық туралы синонимдес ұғымдар көп және оның негізінде алаяқтық, айлакерлік, бағыныштылық пен табынушылық, сөз тасушылық, жалақорлық, өсекшілік пен бопсалаушылық та болуы мүмкін. Сонымен қатар, жағымпаздық түсінігінің өзекті мәселелері мен ерекшеліктері саяси ғылымдарда толық зерттеліп болған жоқ. Қоғамда жағымпаздық бар және оны қаншама кемсітсек те арыла алмай отырмыз. Осы себептерге байланысты жағымпаздық туралы айтылатын тұжырымдар өте көп. Сондықтан жағымпаздықты ғылым нысаны ретінде қарастыру және әдеби шолу маңызды деп ойлаймыз. Бұл мақаланың мақсатына жағымпаздық түсінігін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жүйелеу жатады. Мақсатқа жету үшін ағылшын тіліндегі «sycophancy» және «adulation» түсініктері бойынша ғылыми жарияланымдарға назар аударылды. Бұл түсініктер жағымпаздықтың табиғатын айқындауға септігін тигізе білді. Басты міндетті шешу үшін «Скопус» базасында индекстелген мақалаларға контент-талдау жүргіздік. Мәселені анықтау үшін 17 әдебиетке ерекше мән бердік. Байқағанымыз, жағымпаздық туралы қарастырылып жатқан тақырыптар өте көп. Мұны зерттеу барысында қолданылған салыстырмалы, тарихи, құрылымдық-функционалды және институционалдық тәсілдердің әдістері арқылы анықтадық. Біз бұл тақырыптарды қоғам өміріндегі маңызды мәселерді шешетін зерттеулер деп ойлаймыз.

Түйін сөздер: жағымпаздық, жағымпаздықтың синонимдес ұғымдары, табынушылық, мәдениет, билік, сыбайлас жемқорлық.

Жүктелулер

Как цитировать

Nassimov, M. (2022). ЖАҒЫМПАЗДЫҚ ҒЫЛЫМ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ: ӘДЕБИ ШОЛУ. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 82(4), 82–89. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.9