БИЛІК ФЕНОМЕНІНІҢ ЗАМАНАУИ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v77.i3.03
        373 143

Аннотация

Мақалада автор билік феноменін түсінудің негізгі ерекшеліктері мен тәсілдерін анықтайды: оның формалары мен түрлерінің әртүрлігіне басымдық береді. Билікті зерттеудің заманауи тәсілдері мен әдістері қолданылады және философиялық талдау тұрғысынан билік құбылысының негізгі мәселелері анықталады, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері қарастырылып талданады. Биліктің көптеген қарама-қарсы және салыстыруға келмейтін тұжырымдамалары бар: билік қатынастарының үш деңгейі, индивидуалды, объективті билік және билік әсер етуші күш ретінде және т. б. Автортың ойынша билік құбылысын түсіндірудегі ең тиімді әдісі ретінде билік тұжырымдамаларының тұтастығын түсіну және осы феноменнің ішкі сипаттамаларын ескере отырып, билікті талдау, сонымен бірге әртүрлі әлеуметтік құрылымдарда билік қатынастарының қалай жүзеге асырылатындығын талқылау. Биліктің ішкі сипаттамалық белгілері бірдей дәрежеде билік құбылысының мәнін анықтай алады, атап айтқанда: дүниетанымдық салада  билікті жеткілікті түрде жүзеге асыруға тырысатын моральдық және адалдық әлеуметтік-саяси қатысушының ішкі көрінісі болады. Билікке деген ішкі және тәжірибелік көзқарас биліктің көптеген теориялық құпияларын ашуға мүмкіндік береді. Билік құбылысын зерттеу билікті жүзеге асыру мүмкіндігі бар адамдардың пікірлері арасындағы айырмашылықтарды анықтайды.

Түйін сөздер: билік, бағыну, әлеуметтік теория, билік феномені, билік философиясы. 

Жүктелулер

Как цитировать

Malik, G., & Kasymbaeva А. S. (2021). БИЛІК ФЕНОМЕНІНІҢ ЗАМАНАУИ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 77(3), 33–40. https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v77.i3.03