Қазақстан: пандемия кино көру мәдениетінің өзгеру факторы ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v78.i4.05
        74 0

Аннотация

Аннотация: Мақалада кино көру мәдениетінің трансформациялану процесі мен пандемия кезінде көрермендердің кинотеатрлармен қарым -қатынасы қарастырылады. Пандемия кезінде және одан кейін Қазақстанның кино аудиториясы қалай өзгеретініне талдау жасалады. Пандемияның әсерінен туындаған жағдайда көрермендерді кинотеатрға итермелейтін, кинотеатрдан тыс жерлерде кино көруге түрткі болатын факторларды анықтау қажет. Пандемиялық жағдайға байланысты зерттеу барысында сауалнама әдісі қолданылды (WebSurvey). Қатысушылар компьютер немесе мобильді құрылғы қолдана отырып онлайн режимде веб - сайтта орналастырылған интерактивті сауалнаманы толтырды. Сауалнамаға қатысушылардың ең төменгі жасы 18 -де. Кино көрерменін зерттеу тұрғысынан қарастырғанда бұл жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі - онлайн -платформалар мен пандемияның ұжымдық көру тәжірибесін қаншалықты өзгерткендігіне және Қазақстандағы кино көру мәдениетінің болашағына талдау жасау. Зерттеуде келесі сұрақтарға жауап ізделеді: пандемия кезінде көрермендердің әдеттері қаншалықты өзгерді және көрермендер пандемиядан кейін кинотеатрларға орала ма? Қазақстандық көрермен үшін стриминг платформалары фильм көрудің дәстүрлі әдісін алмастыра ала ма? Зерттеудің нәтижелеріне сәйкес, коронавирустық пандемия көрермендерге және кино көру мәдениетіне жаң жақты әсер етуде.

Негізгі сөздер: кино, пандемия, жаңа медиа, көрермендерді зерттеу, кинокөрермендер

 

Жүктелулер

Как цитировать

Tanayeva, F. (2021). Қазақстан: пандемия кино көру мәдениетінің өзгеру факторы ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 78(№4), 57–67. https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v78.i4.05