Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі «құт» мәселесі

Дәстүрлеріміздегі «Құт» мәселесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v76.i2.04
        114 168

Аннотация

Мақалада отбасы, тәрбие және қаза дәстүрлеріндегі Құт мәселесі қарастырылып, дәстүрлі дүниетанымның діңгегі болып саналатын Құт ұғымы тұрғысынан  Зерделеу барысында халқымыздың шынайы көңілінің көрінісі, ұлттық құндылығымыз «Құтты болсын!», «Құт дарысын!»  тілек сөздерінің дүниетанымдық астарлары зерделенеді. Соған сәйкес Құт ұғымынан бастау алатын «Адам –Құт», «құтты қонақ», «құт басы», «құтты келін», «құтты қадам» сынды концептуалды білімдерге фәлсафалық талдау жүргізіледi

Мақалада субстантив Құт дегеннің «жан» семантикасы тірек ретінде алынып, Құт дегеннің Алладан келетіндігі, халқымыздың сәбидің жарық дүние есігін ашуын «құт келді» дегенге балағандығы, осы тұрғыда дәстүрлі дүниетанымызда адамның адамға, бұ дүниеге құтты қонақ екендігі, сонымен бірге шаңырақ табалдырығын аттаған жас келіннің аяғын «құтты қадамға», «құтты келінге», ал, бет-жүзінің әлеумет алдында дәстүрге сай ашылуын «құт басы» деп білгендігі баяндалады. Сондай-ақ, отбасы дәстүріндегі «Жар-Жар» жырының дүниетанымына да тоқталады.    

Автор ізгілік қағидаттары дәстүрлеріміздің ішкі әлемінің баға жетпес дәні,  оны танып-білу дәстүрлі дүниетанымыздың рухани коды «Құт» негізінде жүзеге асырылатындығын жеткізеді.

Зерттеуші дәстүрлеріміздегі «Құт» мәселесін қозғай отыра, оны мұсылмандық дүниетанымдармен ұштастыра қарастырады. Мұсылман дінінің қазақ дүниетанымына, дәстүрлеріне тигізген ықпалы айтылады. «Құт – Алладан» сенімінің дәстүрлеріміздің дүниетанымдық негізін байыта түсіргенін хабарлайды. Әсіресе, оны «құтты қонақ», «құдайы қонақ», «қонақасы», тұсаукесердегі бала аяғына байланар «ала жіп», отау көтерудегі «Жар-Жар» дәстүрлерін зерделеуде мәнді тоқталады. Дәстүрлеріміздің дүниетанымдық астарларының  аксиологиялық тұғырлары бағамдалады.

 Дәстүрлеріміздегі Құт мәселесін зерттеуде семантикалық, философиялық, герменевтикалық, салыстырмалы, жіктеу, талдау, индукция, дедукция, жүйелік сынды әдістерді кеңінен қолданылады.

Түйін сөздер: құт, дәстүр, дүниетаным, философия, ізгілік, құтты қонақ, құтты қадам, құт басы, Адам –Құт», Жар-жар.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhanabayev, Z. M., & Tursynbayeva, A. O. (2021). Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі «құт» мәселесі: Дәстүрлеріміздегі «Құт» мәселесі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 76(2), 41–51. https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v76.i2.04