«Мәдени жарақат» метафорасының онтологиялық мәні
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v75.i1.02Аннотация
Мақаланың мақсаты «мәдени жарақат» метафорасының онтологиялық мәнін айқындау болып табылады. Авторлар тарапынан «метафора» термині философиялық таным құралы ретінде талданады. Аталған метафораның құрылымдық элементтерін анықтаудың қиындығы көрсетіледі. «Мәдени жарақат» проблемасына арналған батыстық зерттеулердің қалыптасуы мен концептуалдық мазмұны қарастырылады. Қазақстандық қоғам контекстінде батыстық зерттеулерге балама ғылыми-зерттеу тәжірибелерінің перспективалық мүмкіндіктері ұсынылады. Зерттеу жұмысының жаңалығы «мәдени жарақат» метафорасы туралы ғылыми білімдерді құрылымдаумен айқындалады.
Түйін сөздер: мәдениет, жарақат, метафора, мәдени жарақат, феномен, онтология