Қазақтардың дәстүрлі тәрбие жүйесіндегі нарратив пен балалар ойындары: жаңа талаптар контексінде қайта зерделеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v75.i1.01
        67 98

Аннотация

Тәрбиенің әдістері мен құралдары – кең таралған және зерттеушілердің назарын үнемі
аударып отыратын тұрақты ғылыми құбылыс. Бұл үдерісте мақала авторлары барынша кең
мағынасында материалдық емес мәдени мұра ретінде қолданып отырған дәстүрлі қоғамдағы
тәрбие әдістеріне де аса зор мән береді.
Мақалада авторлар материалдық емес мәдени мұраның рөлін, соның ішінде дәстүрлі қазақ
қоғамындағы нарратив (ауыз әдебиеті) пен ойындардың бала тәрбиесіндегі орнын қарастыра
отырып, оларды қазіргі күнгі өмір салтында қолдану мүмкіндіктері мен маңызын негіздеуге
тырысады. Сол себепті де бұл зерттеу нысаны тарихи-жүйелілік тәсілдемесі тұрғысынан
келесідей проблемалар маңына шоғырланған: фольклордың жас ерекшелігіне қатысты түрлері
мен жанрлары, олардың синхрондылығы, сондай-ақ, бала ойындарының дәстүрлі қоғамда
әлеуметтену факторы ретіндегі алатын орнын зерделеу мәселелері.
Сонымен бірге, мақала авторлары қазақстандық заманауи орта білім беру салаларының
материалдық емес мәдени мұраны тұтастай зерттеудегі рөлін, маңызы мен әлеуетін айқындауға
да мән береді.
Мақаланың негізгі мақсаты дәстүрлі қоғамдағы ауыз әдебиеті мен ойындардың тәрбиелік
мән-маңызын айқындап, қазақстандық материалдық емес мәдени мұраны жалпы білім беретін
мектептердің заманауи оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын анықтау.
5
A. Aitbayeva et al.
Ұсынылып отырған ракурсты оқушыларды оқытудың тағы да бір жаңа стратегиясы ретінде
Қазақстандағы ресми және бейресми білім беру шеңберінде іске қосудың жолы ретінде
қарастырған жөн.
Зерттеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобасы шеңберінде
орындалды: АР09259280 «Қазақ мәдениетінің тілдері этникалық сәйкестіктің негізі ретінде:
семиотика және семантика».
Түйін сөздер: нарратив, балалар ойындары, дәстүрлі тәрбие, материалдық емес мәдени
мұра, жаңа шынайылықтар, Қазақстан.

Жүктелулер

Как цитировать

Aitbayeva, A., Khazbulatov, A., & Shaigozova, Z. (2021). Қазақтардың дәстүрлі тәрбие жүйесіндегі нарратив пен балалар ойындары: жаңа талаптар контексінде қайта зерделеу. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 75(№1), 1–15. https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v75.i1.01