Саяси ғылымдардағы мемлекеттік басқару механизмдері мен тұжырымдамалау процесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.11Аннотация
Мақалада мемлекеттік басқару саясаттың әртүрлі бағыттарын қалыптастыру, іске асыру және бағалау процесі ретінде зерттеледі. Мемлекеттік саясат саяси циклдың нәтижесі ретінде қарастырылады. Саяси процестердің қолданбалы сараптамасының пәндік аумағы анықталды. Мақаланың мақсаты – мемлекеттік саясат кезеңдерін тұжырымдамалау негізінде мемлекеттік басқару механизмдерін зерттеу. Мақалада келесі сұрақтар қаралды: «мемлекеттік саясаттың кезеңдері» және «саяси ағымдар» модельдерінің мемлекеттік басқарудың инструменталды механизмдерімен байланысы туралы; әртүрлі саяси жүйелерде басқарудың нақты құралдарын қолдану ерекшеліктері туралы; мемлекеттік басқару құралдарын таңдауда басқа елдердің тәжірибесінің қолданылуы; мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігін бағалауды ескере отырып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің аспаптық технологиялары. Мақалада қолданылған әдістеменің негізін мемлекеттік басқарудың іс жүргізу табиғаты туралы жалпы білімнің нақты жағдайдағы саясатты жүзеге асыру құралдары туралы түсінікке айналатынын көрсететін дедуктивті әдістер құрады, сонымен қоса, салыстырмалы талдау, бақылау әдістері және кейстер қолданылды. Зерттеудің негізгі нәтижелері: «мемлекеттік саясат кезеңдерінің» классикалық моделі үш этапқа жинақталған: I) күн тәртібін белгілеу және мемлекеттік саясатты қалыптастыру; II) саяси шешімдердің іске асырылуы (имплементация); III) іске асыру тиімділігін бақылау және бағалау. Көрсетілген үш кезең саяси ағындар тұжырымдамасымен («проблемалық ағым», саяси бағыттың ағымы, «процедуралық саясат» ағымы) сәйкес келеді. Аспаптық тетіктер саясаттың белгілі бір бағытын тұжырымдау мен оны жүзеге асырудың арасындағы байланыс ретінде әрекет етеді. Басқару құралдарының әр түрлі жіктелімдері келтірілген. Т. Лоуи классификациясы бойынша мемлекеттік саясаттың түрлері – таратудың, қайта бөлудің, реттеудің, құрылтай саясатының түрлері – басым басқару құралдарына байланысты қарастырылады. Мақаланың ғылыми маңыздылығы мемлекеттік басқару процестері туралы білімнің артуында жатыр. Практикалық маңыздылығы