Пифагор философиясындағы сандар метафизикасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.10Аннотация
Пифагор және оның ізбасарлары грек философиясындағы абстрактік сандарға қатысты
еңбектер жазды және олар болмыс философиясын математика негізінде құруға тырысты.
Олар сандарды құдайдың жаратқандығына сеніп, сандарға діни сипаттар таңып, барлық әлем
осы сандардан және олардың көлемдерінен құралған деп ойлады. «Әлемнің билеушісі сандар.
Сандар әлемді басқарып тұр» деген сөздің авторы осы Пифагор болатын. Пифагоршылардың
көзқарасында «сандарсыз ешбір нәрсе түсініле де, үйреніле де алынбайды. Сондықтан барлық
нәрсенің түп-тамыры сандарда жатыр және одан дана ешбір нәрсе жоқ. Яғни, бұл сандар
құдайдың өзі» деген түсінік қалыптасты. Ежелгі өркениеттерде, яһуди, христиан және Ислам
философиясында сандардың онтологиялық сипаттарына бағытталған қызығушылықтың
негізінде осы Пифагордың философиясы жатыр. Натурал сандар ретінде аталатын оң бүтін
сандар адам миының ашқан ең таңқаларлық жаңалықтарының бірі. Адамзат тарихы сандарға
Пифагордан бері қарай, тіпті әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған мистикалық бір мағына
таңып келеді. Бұл мақалада Пифагордың заманынан бері қарастырылып келе жатқан 1 мен
10 арасындағы сандардың онтологиялық және метафизикалық құрылымының болмыспен
байланысы талқыланатын болады.
Түйін сөздер: сан ұғымы, Пифагор, сандар метафизикасы, символ, болмыс.