Жерлеу дәстүрлерінің әлеуметтік -гуманитарлық ғылымдардағы түсініктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.08
        81 94

Аннотация

Өлім – бұл тірі организмнің барлық формальды қызметі мен процестерінің соңы. Жақын
адам өлімінен кейін марқұмның туыстары жерлеуге дайындалу барысында бірнеше салт-
жораларды орындау қажеттілігін сезінеді. Сондықтан адам өлімі марқұм мен тірі адамдарды
біріктіретін жерлеу дәстүрлерін орындаумен жүзеге асырылады. Көптеген зерттеулерден байқап
отырғанымыздай, әр қоғамдағы жерлеу дәстүрлері алуан түрлі. Адамды жерлеу дәстүрлері діни
құндылықтарға сүйенетін жеке адамдар, әлеуметтік және отбасылық топтардың түрлі сенімдері
бойынша өтеді. Сонымен қатар, жерлеу дәстүрлері қабірге қою мен марқұмның құрметіне
жасалатын түрлі салт-жоралардың еске алу мен сыйлау мәдениетінде қолданылатын сенімдер
мен дәстүрлердің кешенін біріктіреді. Берілген зерттеу жұмысы әлеуметтік-гуманитарлық
ғылымдардағы шетелдік дереккөздерді сараптауды көздейді. Мақаланың мақсаты болып
қоғам өміріндегі жерлеу дәстүрлерінің рөлі мен орнын анықтау саналады. Шетелдік ғалымдар
еңбектеріндегі ойларды анықтау үшін «Скопус» библиографиялық және реферативті базасы
арқылы «funeral rites» түйін сөзі бойынша материалдар іздестірілді. Зерттеу жұмысында жерлеу
дәстүрлерін теориялық түсінудің өзектілігі мен маңыздылығы негізделеді.
Түйін сөздер: жерлеу дәстүрлері, өлім, марқұм, мәдениет, отбасы.

Жүктелулер

Как цитировать

Mussayev, R., & Zhumashova, Z. (2020). Жерлеу дәстүрлерінің әлеуметтік -гуманитарлық ғылымдардағы түсініктері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 71(1), 69–78. https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.08