Қазақстандағы киелі жерлердің өзара сабақтастығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.06Аннотация
Мақалада Қазақстан территориясының киелі жерлерін жан-жақты зерттеу барысында өзара сабақтастығы айқындалып, олардың негізгі түп-тамырының бірегей екендігі қарастырылады. Осы тұрғыда киeлi oрындaр, қacиeттi жeрлeр тeк дiни көзқaрac, нaным-ceнiм ғaнa бeлгici eмec, oл мeмлeкeттiң ұлттық бiрeгeйлiгiн қaлыптacтырyшы, мәдeниeтiмiз бeн caлт-дәcтүрiмiздi
дәрiптeйтiн құрaл бoлып тaбылaтындығына ерекше назар аударылған. Мақаланың мақсаты – өзара сабақтасып жатқан киелі жерлерді тарихи рухани мол мұра ретінде әлемге таныту және халыққа жеткізу болып табылады. Осы ретте, киелі жерлерді өзара
сабақтастыруда қандай да бір критерийлер бар ма – деген сауалдың өзі әлі де болса жауапсыз, аз зерттелген мәселе. Осы мәселе төңірегінде зерттеудің методологиялық негізі болып киелі, қасиетті жерлердің мән-мағынасын айқындау өзекті мәселеге айналып отырғанын ескере отырып авторлар осы мәселенің кейбір қырларына талдау жасайды. Бүгінгі таңда елімізде рухани жаңғыру саясаты өзекті болуына байланысты мaқaлa мемлекетіміздің осы саясатын жүзеге асырудағы негізгі қадамдардың бірі болуда. Киелі жерлерді толығырақ танып-білу әлеуметтік сұранысқа ие болғандықтан қоғамдық сананың қалыптасуына, оның жаңғыруына, ұлттық бірегейліктің қалыптасуына және халықтың рухани сауалына әсерін қазіргі заманға сай, қазіргі біздің қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкес айқындау мақаланың ғылыми жаңалығы болып табылады.
Түйін сөздер: киелі жерлер, рухани жаңғыру, ұлттық бірегейлік, киелі жерлер сабақтастығы.