Ресей Федерациясында білім алу миграциясының қазіргі тенденциялары

Авторлар

  • B. Rakhimbekova Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.027
        84 125

Аннотация

Мақалада жаһандану дәуірінде және оқу кеңістігін интернационалдандыру Ресейдегі білім беру (оқыту) миграциясының негізгі үрдістері мен ерекшеліктері талқыланды. Посткеңестік елдердегі әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістер қоғамның әртүрлі топтарынан, ең алдымен, жас ұрпақтан шыққан білім беру миграциясына көзқарастарды, мотивацияны және дайындықты ескере отырып, білім алу миграциясының мәселелерін қазіргі кездегі өзекті мәселе болып табылады. Автор Ресейде сыртқы және ішкі білім алу миграциясының ауқымын, құрылымдық сипаттамаларын және бағыттарын қозғайтын факторларды қарастырады. Білім миграциясы мен «ақылдылардың шет елге жылыстап кетуі» мәселесін болдырмау үшін оны басқару мүмкіндіктері талданады. Бұл саланы реттеу өте қиын, бірақ адами капиталдың сапасы мен санын қамтамасыз етуге қабілетті кез келген мемлекеттің даму әлеуетін анықтайтын маңызды мемлекеттік бағыт. Бұл мақала ҚР БҒМ «Қазақстаннан бағытталған білім алу миграциясы: үрдістер, факторлар және әлеуметтік-саяси салдар» жобасының шеңберінде дайындалды; Бұл жобаның басым міндеттерінің бірі шетелдіктердің, соның ішінде Ресей Федерациясы студенттерінің миграциясын бақылау және реттеу саласындағы тәжірибесін зерттеу, шетелде білім алғаннан кейін жастарды қайтаруды ынталандыру тетіктерін анықтау болып табылады.

Жүктелулер

Как цитировать

Rakhimbekova, B. (2019). Ресей Федерациясында білім алу миграциясының қазіргі тенденциялары. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 68(2), 251–262. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.027