ХХІ ғасырдағы Қытай арманы

Авторлар

  • D. Zhekenov Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • M. Aznabakiyeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • A. Kazmagambetova Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.025
        83 54

Аннотация

ХХІ ғасыр – Қытай ғасыры деген ойлар жиі айтыла бастады және бұл ақпаратқа жалпы адамзат күннен-күнге үйреніп келеді. Қытай Халық Республикасының Мао Цзедуннан бастау алып, буындар сабақтастығын сақтай отырып, бүгінгі күні Си Цзиньпиннің қолына жеткен даму жолы ерекше бір кезеңге аяқ басып отыр. Халықаралық сахнадағы орнын күннен-күнге нығайтып келе жатқан Қытай Халық Республикасының Си Цзиньпин бастаған «бесінші буын» өкілдері «Ұлы Қытай арманы» туралы жиі айта бастады. Бұл мақсатты орындау бағытындағы нақты бағдарламалар мен жоспарлар мемлекеттік деңгейде бекітіліп, кезең-кезеңімен орындау көзделіп отыр. Сонымен қатар, нәтижеге жетудің нақты хронологиялық мерзімі де бекітілген. 2021 жылы Қытай коммунистік партиясының құрылуының жүз жылдық мерзімінде, орта табысты мемлекет құру жоспарланса, 2049 жылы Қытай Халық Республикасының құрылғанына жүз жыл толған мерзімде, әлемдік алпауытқа айналып, қытай арманын толықтай орындау көзделген. Әлбетте, әр халықтың өз арманы болғаны және сол армандардың орындалғаны жақсы. Дегенмен, «қытай арманы» әлемге қалай ықпал етеді, бір халықтың арманының орындалу барысында екінші бір халықтың армандарына зиян келуі мүмкін бе?

Жүктелулер

Как цитировать

Zhekenov, D., Aznabakiyeva, M., & Kazmagambetova, A. (2019). ХХІ ғасырдағы Қытай арманы. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 68(2), 231–240. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.025