Қазіргі ислам елдеріндегі гендерлік қатынастарды интерпретациялау

Авторлар

  • S. Kagasbekova Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • K. Zatov Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • Sh. Adilbayeva Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.017
        134 85

Аннотация

Мақалада ислам дінін ұстанатын елдердегі гендерлік қатынастардың қалыптасуы мен одан туындайтын мәселелер және осы мемлекеттердегі гендерлік қатынастардың ерекшеліктері сипатталады. Мұсылман қоғамында орын алған феминистік қозғалыстарға әсер ететін әлеуметтік-мәдени, діни контекстердегі гендерлік ұстанымдардың ықпалы мен динамикасы айқындалады. Мұсылман елдеріндегі әйелдердің әлеуметтік рөлі мен отбасындағы мәртебесі, білім алу, қызмет ету, қоғамдық құрылымдар мен қозғалыстарға қатысу мүмкіндіктері және өмірдің әртүрлі салаларында гендерлік теңсіздіктердің сақталуы мен көрінісі сарапталады. Мақалада мұсылман мемлекеттері айқындалып, солардың бірі Түркия мен Египет Араб Республикаларындағы гендерлік мәселелерді талдауға басымдылық берілді. Исламға дейінгі түрік қоғамындағы, Осман империясы мен Түркия Республикасы кезеңдеріндегі әйел статусына салыстырмалы анализ жасалды. ХХ ғасырдың соңы мен қазіргі уақытқа дейінгі Египет Араб Республикасындағы гендерлік мәселелерге талдау жасалады.
Түйін сөздер: гендер, феминизм, ислам, әйел, дін, мәдениет, мемлекет, мұсылман қоғамы.

Жүктелулер

Как цитировать

Kagasbekova, S., Zatov, K., & Adilbayeva, S. (2019). Қазіргі ислам елдеріндегі гендерлік қатынастарды интерпретациялау. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 68(2), 151–160. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.017