Ұлы Жібек Жолы мәдениеттерінің өзара әсері

Авторлар

  • D. Akhmetzhanov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • A. Alimzhanova Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.013
        392 682

Аннотация

Дүние жүзінде Ұлы Жібек жолына қызығушылық, оны зерттеудегі сұраныс жоғары болып келеді. Мәдениет, коммуникация, экономика, жаһандану, туризм салалары Ұлы Жібек жолы негіздеген әлемдік өркениет желісімен басталып, ірі мәдени ошақтардың дамуы бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Мақалада көптеген ғасырлар бойы Еуропаның және Азияның арасындағы көпірге айналған жалғыз трансқұрлықтық жол болған Жібек жолының бойындағы мәдени кешендердің өзара іс-қимылы және мәдениеттердің өзара алмасуы қарастырылған. Нақты мысалдармен Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени ауысуларды мәдениеттанудың өзекті мәселесі ретінде көтеріледі. Жаһандану дәуірінде мәдениеттердің өзара алмасуының, түрлі мәдениеттердің қалыптасып, дамуының басты факторы Ұлы Жібек жолы болып табылады. Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени ауысулар мен өркениеттік гүлденулер Қазақстан үшін өте маңызды болып келеді. Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени қатынасқа түскен мәдениеттің әрқайсысы өздерінде бар нәрсені дамытуға ұмтылып қана қоймай, бір-бірінің игіліктері мен әлеуетінің шығармашылық синтезі арқылы өзін және бірін-бірі түсіністік арқылы жетілдіреді.
Түйін сөздер: Ұлы Жібек жолы, өркениет, мәдени туризм, жаһандану, мәдениетаралық байланыс, Шығыс пен Батыс, көшпелілік пен отырықшылық, мәдениеттің өзара әсері.

Жүктелулер

Как цитировать

Akhmetzhanov, D., & Alimzhanova, A. (2019). Ұлы Жібек Жолы мәдениеттерінің өзара әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 68(2), 120–128. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.013