Әлеуметтік философия мен мәдениет философиясындағы компаративистік әдіс
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.06Аннотация
Мақала әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер құрылымында компаративистік әдістің рөлі мен артықшылықтарын бағалауға арналған. Авторлар мәдени және әлеуметтік нысандар мен құбылыстар тұрғысынан салыстырмалы әдістің ерекшелігін ашты. Мақалада Шығыс пен Батыстың мәдениеттер диалогында салыстырмалы талдаудың негізгі мәселелері, олардың психикалық тәжірибелерінің «қосылуы», қарым-қатынас пен өзара түсіністік тәжірибесін дамыту туралы баяндалады. Сондай-ақ Шығыс пен Батыстың философиялық жүйелерін бағалаудағы өзгерістер де зерттеледі. Мақалада мәдениет саласындағы салыстырмалы зерттеулердің қолданылу шегі, сондай-ақ олардың бағдарлары көрсетілген. Мақаланың авторлары когнитивтік және ғылыми салаларда, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени салаларда салыстырмалы тәсілдің тәжірибелік міндеттері мен мақсаттары туралы қорытынды жасайды.
Түйін сөздер: салыстырмалы, философиялық салыстырмалылық, мәдениет, өркениет, әдіснама, құндылықтар, сәйкестік, мәдениеттер диалогы, жаңғырту, руханият, сана.