Киелі орын ұғымы: мәні және маңызы

Авторлар

  • N. Baitenova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • K. Kasainova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • D. Dosmagambetova Бейбітшілік және келісім музейі

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.01
        117 184

Аннотация

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобасы қазақтың кең даласындағы қасиетті жерлер мен мекендерді жан-жақты зерттеп, біздің ұлан-ғайыр жерге ғана емес, тарихи рухани мол мұраға ие екенімізді әлемге таныту және халыққа жеткізуді мақсат етіп отыр. Мақалада киeлi oрындaр, қacиeттi жeрлeр oл тeк дiни көзқaрac, нaным-ceнiм ғaнa бeлгici eмec, oл мeмлeкeттiң ұлттық бiрeгeйлiгiн қaлыптacтырyшы, мәдeниeтiмiз бeн caлт-дәcтүрiмiздi дәрiптeйтiн, aйқын көрceтeтiн құрaл бoлып тaбылaтындығына ерекше назар аударылған. Қaзaқcтaнның тeрритoрияcы киeлi жeрлeргe, қacиeттi oрындaрғa бaй. Мұны хaлықтың ұлттық бiрeгeйлiгiн құрacтырyдың бiр фoрмacы рeтiндe жәнe тeрритoрияның тaнымaлдылығын қaлыптacтырyшы құрaл рeтiндe қaрacтырyғa бoлaды. Қазіргі кезде тарихшылар, зерттеушілер, дінтанушылар киелі жерлердің мемлекеттік тізімін жасап, халықаралық, республикалық, жергілікті деңгейдегі мәртебесін анықтау үстінде. Ең маңыздысы – әрқайсысына қатысты терең зерттеу жүргізіп, аңыз-хикаяларын, деректерін жинау. Киелі орынға қояр және оны таңдап алуда қандай да бір критерийлер бар ма – деген сауалдың өзі әлі де болса жауапсыз, аз зерттелген мәселе. Осы мәселе төңірегінде зерттеудің методологиялық негізі болып киелі, қасиетті ұғымдардың мән-мағынасын айқындау өзекті мәселеге айналып отырғанын ескере отырып авторлар осы мәселенің кейбір қырларына талдау жасайды.
Түйін сөздер: қасиетті жер, киелі орын, Қазақстан, рухани жаңғыру, мәдени мұра.

Жүктелулер

Как цитировать

Baitenova, N., Kasainova, K., & Dosmagambetova, D. (2019). Киелі орын ұғымы: мәні және маңызы. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 68(2), 4–12. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.01