Бабалар сөзі – ұлттық мәдениеттің мәйегі

Авторлар

  • Н. Р. Мұсаева
  • А. А. Тайлакова

Кілт сөздер:

бабалар сөзі, ұлттық мәдениеттің квинтэссенциясы, дүние, өткінші өмір, сыйластық, татулық, бірлік, адамгершілік.

Аңдатпа

Мақалада «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жа­ рық көрген «Бабалар сөзі» тақырыпты қазақ ауыз әдебиеті мен фоль­ клорының кешенді басылымының қоғамның рухани мәдениетіндегі орны анықталады. Бұл – халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған ауыз әдебиетінің мол қорын бір арнаға тоғыстырған кешенді басы­ лым. Осы жарияланым қазақ рухының әлем, қоғам, өзін-өзі тануында­ ғы ешкімге ұқсамайтын өзіндік сүрлеуін, оның мол қуаты мен жігерін жан-жақты ашып көрсетеді. О бастан-ақ еркін шығармашылықтың қуатты ағысы болып қалыптасқан философия «Бабалар сөзінің» әрбір қабаты мен ой, парасат иірімінде онымен біте қайнасып, кірігіп кет­ кен. «Не» деген сұраққа жауап іздеуден философия туындаса, «мен кіммін», «қайдан шықтым», «қайда барам» деген сауалдардан «Баба­ лар сөзі» өрбіген. Кешенді жобаның 70-томында жинақталған қара өлеңдердің шағын шоғырының философиялық мәні айшықталады. Дүниенің кеңдігі, өтпелілігі, өмірдің қысқалығы, оны құрмет­ теудің қажеттілігі айтылады.

Жүктеулер