Бабалар сөзі – ұлттық мәдениеттің мәйегі

Авторлар

  • Н. Р. Мұсаева
  • А. А. Тайлакова
        532 50

Кілттік сөздер:

бабалар сөзі, ұлттық мәдениеттің квинтэссенциясы, дүние, өткінші өмір, сыйластық, татулық, бірлік, адамгершілік.

Аннотация

Мақалада «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жа­ рық көрген «Бабалар сөзі» тақырыпты қазақ ауыз әдебиеті мен фоль­ клорының кешенді басылымының қоғамның рухани мәдениетіндегі орны анықталады. Бұл – халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған ауыз әдебиетінің мол қорын бір арнаға тоғыстырған кешенді басы­ лым. Осы жарияланым қазақ рухының әлем, қоғам, өзін-өзі тануында­ ғы ешкімге ұқсамайтын өзіндік сүрлеуін, оның мол қуаты мен жігерін жан-жақты ашып көрсетеді. О бастан-ақ еркін шығармашылықтың қуатты ағысы болып қалыптасқан философия «Бабалар сөзінің» әрбір қабаты мен ой, парасат иірімінде онымен біте қайнасып, кірігіп кет­ кен. «Не» деген сұраққа жауап іздеуден философия туындаса, «мен кіммін», «қайдан шықтым», «қайда барам» деген сауалдардан «Баба­ лар сөзі» өрбіген. Кешенді жобаның 70-томында жинақталған қара өлеңдердің шағын шоғырының философиялық мәні айшықталады. Дүниенің кеңдігі, өтпелілігі, өмірдің қысқалығы, оны құрмет­ теудің қажеттілігі айтылады.

Библиографиялық сілтемелер

1 Назарбаев Н. Ұлытау төріндегі толғаныс // Айғақ, № 36, 3 қыркүйек, 2014. – 8-9 б.
2 Азибаев Б. Бабалар сөзі – свод духовной культуры народа // Казахстанская правда, 2014, 22 ноябрь – 16 б.
3 Жандарбек З. Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері мен тарихнамасы // Қазақ тарихы. – 2008. – №5. – 14-18 бб.
4 Ақпанбек Т. Қазақтардың дүниетанымы. – Алматы, 1993. – 130 б.
5 Бабалар сөзі: жүз томдық – Астана: Фолиант, 2011. Т. 70. Қара өлең. – 504 б.
6 Нұрланова К.Ш. Человек и мир. – Алматы, 1994. – 62 с.

Жүктелулер

Как цитировать

Мұсаева, Н. Р., & Тайлакова, А. А. (2016). Бабалар сөзі – ұлттық мәдениеттің мәйегі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 52(3). вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/195