Жасөспірімдер арасында дін және діни бірейгілік қарым-қатынас

Авторлар

  • Ж. Д. Кабиденова
  • Ш. С. Рысбекова

Кілт сөздер:

дін, діни бірегейлік, білім беру, әлеуметтік-мәдени кеңістік

Аңдатпа

Мақалада елдің әлеуметтік-мәдени кеңістігіндегі жасөспірімдердің дінге қатынасы мен діни бірегейлігін қолдау қажеттігі қарастырылады және Орталық Азия өңіріне қатысты жаһандық ахуалға талдау жасалады. Дінге қатынас және оның социумдағы рөлі, діни төзімділік, кез келген нақты дінге қызығушылық, жаңа діни қозғалыстар туралы білімі, сондай-ақ азаматтық ұстанымдарының маңыздылығы сияқты жақтары зерттелген. Тиісінше, мақаланың мақсатына орай авторлар жас ұрпақтың мәдени коды ретінде олардың діни бірегейлігін қалыптастыру және нығайту мәселелерінің қаншалықты берік негізделгендігі жөнінде сұрақтарды қарастырады. Қазіргі заманауи постмодерндік дәуірде әрбір мемлекеттің кезек күттірмейтін шешімдерді қабылдау қажеттігі туындап отыр, өйткені әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі жалпыұлттық бірегейлікті сақтаудың айтарлықтай қиындап бара жатқандығы белгілі. Бүгінгі таңда білім берудің әлеуметтік-гуманитарлық секторын, атап айтқанда дін мен мәдениет салаларын қолдау маңызды болып отыр.

Жүктеулер