Язык – этико-антропогенный феномен

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v78.i4.02
        94 145

Аннотация

«Тіл» ұғымы онтологиялық тұрғыда «адам» феноменіне негізделетін антропогендік күрделі әлеуетті жүйе. Тіл мен сөз адамның ішкі жан дүниесі тіршілігінің, жан аффектілерінің көріну этосы. Бұл мақала қоғамдағы тілдік мінездің моральдық қырларын ғылыми тұрғыда зерттеуге жол ашады деп айтуға болады. Біз мақалада Махмұт Қашқаридің: «Әдеп басы – тіл» деген моральдық тезисін негізге ала отырып, бұл концептінің мәнін тілдің антропогендік әрі этикалық құбылыс болу табиғатына рухани-моральдық құндылық тұрғыдан ғылыми теориялық талдау жасауға қадам жасаймыз. Мұнда тіл адамзаттың – әдебінің басы да, аяғы да болатынын теориялық философиялық тұрғыдан негіздеу мақсаты көзделеді. Осы ретте, алдымен, тілдің әдеп басы болуының онтогендік негіздерін анықтауға тырысамыз. Ол үшін: 1) тілдің антропогендік тармыры айқындалады; 2) тілдің іс-әрекеттік табиғаты анықталады; 3) тілдің мінездік болмысы мен қызметі дәйектеледі; 4) тілдің моральдық болмысына қатысты Шығыс және Батыс ойшыл-ғалымдарының нақыл сөздері мен көзқарастарына моральдық таным тұрғысынан герменевтикалық талдау жасалынады; 5) осыларға сүйене отырып, тілдің этика-моральдық құзыры дәлелденеді. Осының негізінде кез келген ел азаматын әдепті сөйлеуге уағыздау міндетін артқару өз парызымыз деп санаймыз.

Тірек сөздер: тіл, әдеп, мораль, этика, антропогенез, этикасофия.

Загрузки

Как цитировать

Ryskieva А. А., & Rayev, D. S. (2021). Язык – этико-антропогенный феномен. Вестник КазНУ. Серия философии, культурологии и политологии, 78(№4), 26–36. https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v78.i4.02