Әл-Фараби: дін мен саясаттың өзара байланысы туралы

Авторлар

  • G. Steiris National and Kapodistrian University of Athens image/svg+xml
  • G. Nurysheva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • G. Konayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/jpcp.2019.v69.i3.013

Аңдатпа

Әл-Фараби (c.870-c.950) деген атпен танылған Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Араб философтарының ішіндегі бірегейі болып саналады. Оның философиясының негізгі көздері Грек дәстүрінен, Платон мен Аристотельдің түпнұсқа жазбаларынан, неоплатонизмнен және Александрия Аристотеланизмінен бастау алады. Ең маңыздысы, ол тиісті бағасын алмаған орташа платонизмге бет бұруы болды. Оның негізгі тезисі философияның теологиядан артықшылығы болып табылады. Философияның күрделі және абстрактілі ұғымдарын түсіну қиын болғандықтан, дін оның алмастырушысы ретінде пайдаланылды. Дін қиялдың көмегімен философиялық шындықтарды білдіруге тырысады. Құқықтану мен саясатты қолдай отырып, ол қайырымсыз, ізгіліксіз адамдарды, яғни халықтың басым бөлігін бақытқа қол жеткізуге арнады. Заң шығарушылар өз заңдарын дін емес, философияға негіздеу қажеттілігін түсінбей, діни нанымдарға бағынышты болған жағдайда саяси және әлеуметтік мәселелер басым болады. Осы мақалада біз дін мен саясаттың өзара әрекеттесуіндегі әл-Фарабидің пікірлерін ұсынуға, талдауға және бағалауға тырысамыз.

Түйін сөздер: философия, саяси философия, ізгілікті қала, ізгілікті мемлекет, дін және саясат.

Жарияланды

2019-10-25