Қазақстан Республикасының саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясат
Аннотация
Аталған мақалада авторлар қоғамның саяси тұрақтылығы бүгінгі таңда барлық мемлекеттер
үшін өте маңызды, өткір мəселеге айналып отырғанын атап, мемлекеттің тұрақты стратегиялық дамуы
ішкі саяси тұрақтылықсыз амалға аспайтынын меңзейді. Көпұлтты, көпконфессиялы Қазақстан үшін
елдің ішкі саяси тұрақтылығын сақтау тəуелсіздік жылдарынан бастап мемлекеттің стратегиялық
бағдары болғанын көрсетілген.
Түйін сөздер: саяси тұрақтылық, мемлекеттік саясат, стратегиялық даму, қоғамдық келісім, этноұлттық саясат,
этносаралық саясат.