Этносаралық келісімнің мәдени-өркениеттік контекст

Авторлар

  • К. Н. Аликенова І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
        31 27

Кілттік сөздер:

этнос, өркениет, адамзат, құндылық, гуманизм.

Аннотация

Мақалада Қазақстандағы этностардың саяси және өркениеттік болмысы мәдени үрдістің даму ерекшеліктері арқылы сипатталған. Этностардан құралатын адамзат туралы ұғым олардың барлығын біріктіретін жалпы өлшемді мойындауды логикалық түрде аңғарта­ ды. Мұның мәнісі әр өркениетте жалпы адамзаттық сипатқа ие адам­ заттың ортақ жетістігін құрайтын бір тағдырмен байланған мәдени құндылықтардың бар екендігіне саяды. Оларға тұлғаның қоғамдағы орны зайырлы және діни гуманизм, парасат бостандығы, эстетика­ лық көркемдік, еркіндік, бірқатар экономикалық құндылықтар, эко­ логиялық түсініктер т.б. жатады. Этностық бірегейлену абстрактылы ұран болып қалмауы керек. Этностың өзі адамдық Мен төңірегінде заман талаптарына сай мо­ дернизацияға ұшырап отыруы қажет. Әртүрлі тарихи дәстүрлер, мә­ дени үрдістердің өзара ұшырасып, тоғысуының, синкретті бірлігінің нәрінен мол сусындаған қазақ мәдениетінде өзіндік келбеті, таптыр­ майтын өзіндік даралығы қалыптасты.

Жүктелулер

Как цитировать

Аликенова, К. Н. (2016). Этносаралық келісімнің мәдени-өркениеттік контекст. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 51(2). вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/87