Қазіргі замандағы өркениет пен мəдениеттің қайшылықтары, дəстүр мен жаңашылдық үрдістері
Аннотация
Мақалада қазақ халқының қазіргі замандағы дəстүрлі мəдениеті мен мəдени мұраларға деген
қарым-қатынас мəдениеттің тек сақталуына ғана емес, сонымен қатар, мəдениеттің ары қарай даму
ерекшеліктері көрсетілген. Жаһандану жағдайындағы мəдениеттегі инновация, мəдени мұраға бет бұру,
қабылдап алушылық, мəдени диффузияға тоқтала келіп, қазақ мəдениетінде адамзат тəжірибесі арқылы
қол жеткізген, уақыт илегінен өткен жетістіктерді игеріп, оларды ары қарай позитивті түрде дамытуы
қажет.
Дəстүрлер жүйесі қоғамдық организмінің тұтастығын, тұрақтылығын, табандылығын бейнелейтін
құбылыстың ықпалын қарастырған. Қазіргі замандағы мəдениет пен өркениеттің қайшылықтары, дəстүр
мен жаңашылдық үрдістері.
Мəдениетте өзгеріс пен шығармашылық қоғам дамуының екінші бір жағы болып табыла-
ды. Жаңашылдық (инновация) мəдениеттің жаңару тəсілі тұрғысынан талдана келіп, дəстүрлік пен
жаңашылдықтың бірлігі əрбір мəдениеттің əмбебапты мінездемесі зерделенген.
Түйін сөздер: мəдениет, өркениет, инновация, салт-дəстүр, ақиқат, əдет-ғұрып, қоғамдық қатынас,
мораль, жаңашылдық, құндылықтар.