Қырғызстан Республикасында христиандық: орыс православ шіркеуі қызметі жəне батыстық миссионерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты
Аннотация
Бұл мақалада Қырғызстан Республикасындағы христиан дінінің жағдайы қарастырылады. Тақырып
орыс православ шіркеуі мен батыстық миссионерлік ұйымдар шеңберінде ашылады. Алдымен христиан
дінінің Орта Азия мен Қырғызстан территориясына таралау тарихы қысқаша баяндалады. Содан кейін
орыс православ шіркеуінің аймаққа таралу тарихы мен кезеңдерінің ерекшеліктері қолға алынады əрі
қазіргі таңдағы ОПШ-ның мемлекетпен өзара қарым-қатынасы, қоғамдағы орны мен қызметі талдана-
ды. Сонымен қатар протестанттық миссионерлік ұйымдардың қоғам бірлігі мен тұтастығына қатер
төндіріп отырған шоқындыру саясаты жан-жақты талқыланады. Осы аталған екі бағыт негізінде қырғыз
қоғамындағы христиандықтың рөлі айқындалады.
Түйін сөздер: христиандық, орыс православ шіркеуі, батыстық миссионерлік ұйымдар, миссионерлік,
демократия, зайырлы қоғам.