Толеранттылық құндылығы
Аннотация
Мақалада толеранттылық ұғымының философиялық-дүниетанымдық аспектілері талданып, осы
ұғымның қазіргі қоғамдағы рөлі мен маңызы бағаланады. Сонымен қатар автор толеранттылықты
əлеуметтік жəне жеке тұлғалық құндылық ретінде қарастырады. Толеранттылықты əлеуметтік құндылық
ретінде қарастыра отырып, автор осы құндылықты қалыптастырудың жолдары мен тəсілдеріне назар ау-
дарады. Этникалық жəне діни толеранттылық мəселесін қарастырғанда əлемдік жəне дəстүрлі діндердегі
адамгершілік ұстанымдарының рухани-тəлімдік мүмкіндіктерін толықтай іске асыру тетіктерінің
маңыздылығы алдыңғы қатарға шығады. Əлеуметтік шындықтағы толеранттылық көріністерін тал-
дай отырып, автор толерантты ұстанымдар мен құндылықтарды іске асыруға кедергі келтіріп отырған
мəселелерге назар аударады. Мақалада айтылған ойларын қортындылай келе, толеранттылық жаһандық,
аймақтық жəне қоғамдық-əлеуметтік қауіпсіздік пен бейбіт қатынастарды орнықтырудың маңызды
құрамдас бөлігі екенін түйіндейді.
Түйін сөздер: толеранттылық, құндылық, зайырлылық, дін, діни қатынастар, сұқбат, мемлекеттік-
конфессионалдық қатынас.