Қазақстан Республикасындағы бірегейлену үдерісінің кезеңдері

Авторлар

  • A. S. Balapanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • E. B. Asyltaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        54 79

Аннотация

Қазіргі жаһанданып отырған əлемде тек қана Қазақстан Республикасы емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттер, қоғамдарда бірегейлік дағдарысы орын алуда. Бұл ойға дəлел ретінде қазіргі беделді қоғамдық-саяси баспаларда, ғылыми журналдарда жəне де күннен-күнге белең алып келе жатқан интернет жүйесіндегі жарияланып жатқан мақалалардың күн сайын өсіп жатқандығын айтуға болады. Мақалада қазіргі барша əлемде өзекті мəселе болып табылатын бірегейліктің қалыптасу кезеңдері мəселесі талқыланған. Жаһандану жағдайында елдің біртұтастығын, тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бірегейліктің қалыптасуының негізгі маңызды кезеңдері сипатталады. Жəне де сол əр кезеңге əсер ететін, кейбір тұстарда басымдыққа ие болатын басты факторлар қарастырылған. Түйін сөздер: бірегейлік, азаматтық бірегейлік, ұлттық идея, бірегейлік дағдарысы.

Жүктелулер

Как цитировать

Balapanova, A. S., & Asyltaeva, E. B. (2018). Қазақстан Республикасындағы бірегейлену үдерісінің кезеңдері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 42(1), 72–79. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/813