Дəстүр мен жаңашылдық ара-қатынасының теориялық аспекті

Авторлар

  • A. Omirbekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • D. Zhanabaeva
        44 30

Аннотация

Мақалада дəстүр мен жаңашылдық ара-қатынасының теориялық аспектілері, сонымен қатар мəдениеттің əрі қарай даму ерекшеліктері көрсетілген. «Дəстүр» жəне «жаңашылдық» мəселесі ғылымда маңызды мəселелердің бірі болып саналады. Дəстүр мен жаңашылдық мəселесі адамзат мəдениеті мен тарихының түрлі сатыларында көрініс тапқан. Дəстүр белгілі бір рəміздер мен білімдер жиынтығы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, алғашқы қауым ұжымының мүшелерімен игеріліп отырған алғашқы қауым мəдениетінде пайда болды. Ендігі таңда өркениеттің пайда болуы мəдени жаңашылдықты талап етті. Ал өркениет дəстүрмен етене біріккен ұжымның аясында қалыптасады. Үнемі даму үрдісін қамтамасыз ету үшін жаңашылдық үрдіс сүйене алатын өзек қажеттілігі пайда болды. Осы орайда, дəстүр өркениет негізделетін мəдени өзекке айналды. Сондықтан да алғашқы өркениет дəстүр шеңберінен шығатын шығармашылықтың нəтижесі ретінде пайда болған еді. Түйін сөздер: мəдениет, дəстүр, жаңашылдық, этномəдениет, өркениет, сұхбат, əдет-ғұрып, құндылықтар.

Жүктелулер

Как цитировать

Omirbekova, A., & Zhanabaeva, D. (2018). Дəстүр мен жаңашылдық ара-қатынасының теориялық аспекті. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 42(1), 63–71. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/812