Жаһандану жағдайындағы Қазақстан қоғамы және М.Х. Дулати мұрасы

Авторлар

  • Zh. E. Myrzabekov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • P. M. Suleymenov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        69 51

Аннотация

Тəуелсіз мемлекеттің қоғамдық-мəдени, рухани жаңаша ойлау кеңістігіндегі Дулати сынды ұлы тұлға көзқарастарының өзекті сипаты мен рухани-əлеуметтік мəселелерді шешудегі маңызын, рухани-адамгершілік тəрбиелеудің философиялық мазмұнын ашуға, М.Х. Дулати шығармашылығының рөлін анықтауға  құрылған. Негізгі нəтижелері ретінде М.Х. Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегінің бүгінгі руханиятымыздағы салалық маңызы  мен ұлы тұлға көзқарастарының бүгінгі таңда да өзекті сипатта екендігін талдап,  түйінделген ғылыми толғамдарды атауға болады. Мақаланың негізгі кілт сөзі (Key word) ретінде Дулати (Dulati) алынып отыр. Өйткені Дулати бүкіл түркі халықтарына ортақ тұлға ретінде саналады. Осындай ұлы ойшыл шығармашылығының ұлттық мəдениетіміз бен тəуелсіз еліміздің руханиятында өлшеусіз маңызға ие екендігін дəлелдеп, əсіресе түркі жəне қазақ өркениеттерін ортақ сабақтастықта қарастырып, түйіндеулер ұсынғандығын ғылыми жаңаша пайым деп қабылдауға болады. Сонымен қатар ұлы ойшыл еңбегінің тек тарихи құндылығын ғана емес, тəлімтəрбиелік сипаттағы мазмұнының өскелең ұрпақ тəрбиесіндегі өзіндік рөлі сараланады. Мақаланың басты ғылыми тұжырымдары Дулати дүниетанымының негізгі тұтқасы болып табылатын əділдік, адамгершілік ұғымдарын талдаудан келіп шығады. Болашақ ұрпақтарымыздың бойына кісілік асыл қасиеттерді жинақтауға зор көмек беретін тəрбиенің бастау көзі ретінде «Тарихи Рашиди» еңбегін дəріптеу қажет. Бүгінгі күрделі діни ахуалға байланысты имандылық сипатындағы ойларының да ғылыми маңызы терең. Бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену мақсатында Қазақстан мемлекеті де қоғамдық-саяси даму мен экономикалық өрлеудің, рухани ойлаудың жаңаша көкжиегіне көз тігуде. Осы тұрғыда, бірқатар өзекті рухани-əлеуметтік мəселелерді шешуде ұлы философ, ғұлама тарихшы, жан-жақты парасаттылық пен кемел білім иесі М.Х. Дулати шығармашылығының философиялық маңызы ерекше екені даусыз.  Мақалада түркі өркениетінің ұлы тұлғасы М.Х. Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегінің қазақ ұлттық философия тарихындағы рөлі қарастырылады. Аталған еңбектің өскелең ұрпақты тəрбиелеудегі тамаша туынды екендігі, ойшылдың ойпікірлерінің тəлім-тəрбиелік маңызы сараланады. Аталған мақалада М.Х. Дулатидың философиялық идеялары, тұжырымдарының жаһандану жағдайындағы күрделеніп кеткен өскелең ұрпақ тəрбиесінде ғана емес, тəуелсіз рухтағы халқымыздың өмір-тіршілігін, əлеуметтік-рухани болмысын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретіндігі дəйектеледі. Сонымен қатар философия тарихының негізін салушы ретінде ғұлама ойшылдың ой-идеялары бүгінгі қазақ философиясының да қалыптасып, дамуына арқау болғандығын анықтап көрсетеді. Ұлы тұлға еңбегіндегі ел билеу ісі мен ел басқарушыға қатысты қасиеттерді санамалап, оның тəуелсіз еліміздің баянды болашағы үшін маңызын талдауға ұмтылуы да мақала мазмұнын тереңдете түседі. М.Х.Дулати шығармашылығындағы дін мəселесі де өзектілігімен құнды. Өйткені бүгінгі діни ахуал күн өткен сайын күрделеніп, мемлекет дамуына, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз əсерін тигізуде. 

Жүктелулер

Как цитировать

Myrzabekov, Z. E., & Suleymenov, P. M. (2018). Жаһандану жағдайындағы Қазақстан қоғамы және М.Х. Дулати мұрасы. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 45(4), 25–36. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/785