Қазақстандағы исламға дейінгі наным-сенімдердің ұлт дүниетанымындағы көріністері

Авторлар

  • N. Z. Baitenova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • A. K. Duissenbaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        45 74

Аннотация

Мақалада қазақ жеріндегі ежелгі түркі наным-сенімдері тарихы жайлы, Көне түркі дүниесіндегі дүниетанымдық көзқарастар мəселесі, түркі наным-сенімінің негіздері жəне қалыптасу ерекшеліктері, қазақ халқының дүниетанымындағы ежелгі түркі наным-сенімдерінің орны туралы баяндалды. Тəңір ұғымы тереңінен қарастырылып, түрлі ғалымдардың ой-пікірлері ортаға салынды. Сонымен қатар тəңіршілдік ұғымының, қазақ халқы тарихындағы орны мен бүгінгі күндегі рөлі туралы баяндалды. Сондай-ақ тəңіршілдік элементтері мен дəстүрлеріне тереңірек тоқталып, толық анықтамалар берілді, көне түркі мəдениетінің, ислам діні келгеннен кейінгі, қазақ халқы үшін орны мен рөлі туралы жазылды. Қазақтарда салт-дəстүр, əдет-ғұрып ретінде сақталған, ежелден келе жатқан кейбір дəстүрлердің шығу тарихы мен тəңіршілдік нанымының байланысы сипатталды. Тəңіршілдік сенімінің, көшпелі халық үшін қаншалықты маңызды болғандығы мен дала халқы үшін табиғат үндестілігінің рөлі барынша сипатталды. Түйін сөздер: түркі дүниетанымы, Тəңір, тəңіршілдік, Жер-Су, Ұмай, Құт, аруақ, рух, қазақ нанымсенімдері. 

Жүктелулер

Как цитировать

Baitenova, N. Z., & Duissenbaeva, A. K. (2018). Қазақстандағы исламға дейінгі наным-сенімдердің ұлт дүниетанымындағы көріністері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 44(3), 43–50. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/774