Дін мен дәстүр сабақтастығы – Діни біртұтастықты сақтаудың негізі

Авторлар

  • Қ. Бағашаров әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Қ. Шалабаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
        76 79

Аннотация

Зерттеу тақырыбы қазақ халқына тән ислам діні мен ұлттық дәстүрдің сабақтастығына арналып отыр. Мақсат – қазақ халқының дәстүріндегі ислам дініне тән элементтерді ашып көрсету. Ғылыми зерттеудің түпкі идеясы: тәуелсіздіктен кейінгі жылдары өз бетінше шетелге шығып, түрлі білім ошақтарынан діни білім алып қайтқан жастардың дінді дәстүрге қарсы қоюына тосқауыл болу. Мақалада ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрді дін арқылы жоққа шығармау керектігіне баса назар аударылады. Діндегі бидғат, ширк ұғымдарына түсінік беріледі. Және тек діни ерекшелікті ғана мойындап, ұлттық ерекшелікті кейінге ысыру, келіннің сәлем салуы, беташар, бата беруі секілді дәстүрлерді орындаудан түбегейлі бас тарту фактілерінің орынсыз екендігі, төл мәдениетті жатсынбау талданады. Қазақ халқының ұлттық дүниетанымының қалыптасуына ислам діні зор әсер еткен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен де біте қайнасып кеткен деген тұжырым жасалады. Мақаланың практикалық мәні ретінде жастарға ислам дінінің жергілікті халықтың дәстүріне деген көзқарасын айқындап, қазақ халқының дәстүрі ислам дінімен терең сабақтасатынын ашып көрсетуді атауға болады. Қазіргі қазақ қоғамы үшін өзекті болып отырған дін мен дәстүр сабақтастығын мысалдармен түсіндіруді мақаланың құндылығына жатқызуға болады.
Түйін сөздер: ұлт, дәстүр, әдет, ғұрып, сабақтастық, ислам, дін, қазақ.

Жүктелулер

Как цитировать

Бағашаров, Қ., & Шалабаева, Қ. (2018). Дін мен дәстүр сабақтастығы – Діни біртұтастықты сақтаудың негізі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 65(3), 76–84. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/699