Қазіргі кездегі әлеуметтік-мәдени сәйкестік мәнмәтіндегі адаб: Нагиб Махфуздың «Күзгі бөденелер» нарративінің контент-талдауы
Аннотация
Осы ғылыми мақала бүгінгі Ислам әлемінің мәдени-коммуникативті кеңістігіндегі мысырлық адабының әлеуметтік-мәдени бағыттанушылығын зерттеуге арналған. Мысал ретінде авторлар Мысырдың ең танымал жазушысы, 1988 жылының Нобель сыйлығының лауреаты Нагиб Махфуздың «Күзгі бөденелер» шығармасын қарастырады. Авторлар жеке адамның моральдық сана-сезімінің қалыптасуын қамтып көрсету дәстүрінің дереккөзі ретіндегі Құранның гуманистік бағыттанушылығына байланысты, жазушының кейіпкерлердің сезімдеріне назарын ашып жатқан адабтың жеке бағыттанушылығын зерттейді. Мақалада көркем туынды мәтінінің контент-талдау әдісі қолданылған. Әлеуметтік-саяси факторлар қоғамдық ойы және қоғамның мәдени дамуына зор әсер етеді. Осы зерттеудің нәтижесінде авторлар келесі қорытынды жасайды: қоғамдық-саяси факторлар қоғамдық ойы мен адаб шығармаларында бейнеленген қоғамның дамуына зор әсер еткен. Бұл қорытынды қарастырылған шығармада көрсетілген ХХ ғасырдың ортасындағы Мысыр мәдени және әдеби ойдың жағдайы мен оның мемлекеттегі қоғамдық-саяси үдерістерімен байланысына сүйенеді. Талданылған шығарманың ерекшелігі – шығармадағы іс-әрекет желісі мен болып жатқан оқиғаға байланысты автордың жеке көзқарасы.
Түйін сөздер: адаб, ислам, Ислам әлемі, Құран, мәдени-коммуникативті кеңістік, контент-талдау, Нагиб Махфуз.