Ғылыми шығармашылықтағы көркем ойдың рөлі

Авторлар

  • К. Молтобарова ҚР ҰҚК Шекара академиясы
        75 0

Аннотация

Қазіргі таңда гуманитарлық парадигманың қалыптасуы ондағы шығармашылық бастауға назар аударылатынымен ерекшеленеді. Соңғы уақытта ғылым мен өнерді талдау философиясы мен əдістемесі елеулі түрде өзгеру үстінде. Оларды гуманистік, құндылық қатынас аспектінде мəденифилософиялық тұрғыда саналау мақсаты туындап отыр. Мақалада жаңа мəдениеттанушылық ұстанымға сай ғылыми шығармашылықтағы жəне ойлаудағы көркемдік факторлардың рөлі зерделенеді. Автор жүйелісалыстырмалы зерттеу негізінде дүниенiң ғылыми көрiнiсiне, негiзiнен, нақты өмiрдiң табиғи қасиеттерi тəн, ал көркем көрiнiске – дүниенiң эстетикалық жəне этикалық бейнелерi арқау болғанын көрсетеді. Өнер туындысын байытатын оны алуан мəнге, сарқылмас қасиетке ие етiп, семантикалық құрылымын күрделендiре түсетiн бұл ерекшелiктер – көркем шығармашылық үдеріс табиғатының тұтастығынан, оның өмiрдi қабылдауының ауқымынан туады. Дүниенің көркем бейнесінің эстетикалық факторы ғылыми шығармашылыққа əсерін тигізіп, танымның негізгі элементі болады деген ой-тұжырым дəйектеленеді. Түйін сөздер: ғылым, өнер, шығармашыл процесс, көркемдік таным, эстетикалық сезім, ғылыми шығармашылық, көркем ой.

Как цитировать

Молтобарова, К. (2018). Ғылыми шығармашылықтағы көркем ойдың рөлі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 43(2), 49–57. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/610