Инновациялық ойлау жүйесі
Аннотация
««Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы толығымен инновациялық ойлауға құрылған. Жолдау көп жылғы теориялық, тəжірибелік, прагматикалық əрі тұлғалық ізденістердің нəтижесі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 14 желтоқсанда «Астана операсында» сөйлеген сөзінде инновациялық ойлау деген тың ұғымды қолданды. Жолдауда «Жаңа технологиялық толқын жолына жармасып, абсолютті инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз» – дей келе Елбасы, «Біз – жас ұрпақпыз жəне бұл біздің қолымыздан келеді», – деп ойын түйді. Елбасы инновация дегенде оны нақтылап, жас ұрпаққа абсолютті инновация қажет екенін айтып отыр. Түйін сөздер: инновация, дамудың жаңа саясаты, жаңаша ойлау жүйесі, зерттеу, немере ұрпақ, патриотизм.