Қазақстан республикасында студенттік жастардың құқықтық және саяси мәдениетінің өзара қатынас ерекшеліктері
Аннотация
Зерттеудің тақырыбы қазіргі кезеңде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз, бұл мәселені ұзақ жылдар бойы зерттеп келеміз. Қазақстандағы студент жастардың құқықтық және саяси мәдениетінің қалыптасып дамуы саяси жүйеге тікелей ықпал етеді. Зерттеудің мақсаты қазақстандық студент жастардың құқықтық және саяси мәдениетінің арасындағы өзара қатынасты анықтау және сараптау. Мақаланың басты идеясы студент жастардың құқықтық және саяси мәдениетін айқындау және оның қоғамдық процестерге әсерін көрсету. Мақалада студент жастардың құқықтық және саяси мәдениеті талданған. Зерттеудегі негізгі идеялар мен ұсыныстар қазақстандық ғылым үшін маңызды ақпарат пен сараптама болып табылады. Жұмыстың нәтижелерін студент жастардың саяси мәдениеті мен құқықтық мәдениетін зерттеу барысында қолдануға болады. Сонымен қатар, жоғары және орталау оқу орындарының студенттері үшін қосымша ақпарат пен материал ретінде ұсынуға мүмкіндік бар. Жұмыстың әдістемесін теоретикалық және тәжірибелік әдістер құрайды. Қазақстан бойынша мыңнан астам студент жастардан сауалнама алынып олардың саяси және құқықтық мәдениеті көрсетілді. Сонымен қатар, студент жастардың саясатқа деген көзқарастары анықталды. Қоғамдағы өзекті мәселелерге деген қатынасы көрсетілді. Қазақстандық студент жастардың арасындағы құқықтық және саяси мәдениетінің арақатынасы негізделді.
Түйін сөздер: саяси мәдениет, құқықтық мәдениет, сайлау мәдениеті, студент жастар.