Ху Цзиньтао тұсындағы ҚХР-дың сыртқы және ішкі саясаты
Аннотация
ҚХР құрылғалы бергі 70 жылға жуық уақытта билік құрған Қытай басшыларын буындарға бөліп қарастыру қалыптасып келеді. Мао бастаған билік өкілдері алғашқы буын болса, Қытай экономикасының «архитекторы» Дэн Сяопин бастаған басшылар екінші, Билік сабақтастығы мен мемлекеттің сыртқы саясатын сәтті жалғастыра білген Цзянь Цзэминь үшінші, 2013 жылдан бері ҚХР төрағасы болып келе жатқан Си Цзиньпин Қытай басшыларының 5-ші буын өкілі ретінде қарастырылып жүр. Әрбір буын ҚХР дамуына өзгеше үлес қосып келеді. Мақалаға жүк болып отырған Ху Цзиньтао тұлғасы ҚХР-дың әлемдік деңгейде беделінің артуына айрықша үлес қосқан, төртінші буын Қытай басшыларының көшбасшысы болып табылады. Ху Цзиньтаоның саяси тұлғалық қасиеттерін анықтау, Ху Цзиньтао тұсындағы ҚХР-дың ішкі-сыртқы саясатын зерделеу, қазіргі таңдағы Қытай саясатын түсінудің алғы шарты қызметін атқарады. Мақалада Ху Цзиньтаоның саяси тұлғасы, атқарған қызметі, ішкі-сыртқы саясаты және ҚХР билігіндегі сабақтастық қарастырылған.
Түйін сөздер: Ху Цзиньтао, ҚХР, Гармониялық әлем, ішкі және сыртқы саясат.