Мәдениет дамуындағы дәстүр мен жаңашылдық
Аннотация
Мақалада дәстүр мен жаңашылдық арақатынасының теориялық аспектілері, сонымен қатар, мәдениеттің ары қарай даму ерекшеліктері көрсетілген. «Дәстүр» және «жаңашылдық» мәселесі ғылымда маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Дәстүр мен жаңашылдық мәселесі адамзат мәдениеті мен тарихының түрлі сатыларында көрініс тапқан. Дәстүр белгілі бір рәміздер мен білімдер жиынтығы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, алғашқы қауым ұжымының мүшелерімен игеріліп отырған алғашқы қауым мәдениетінде пайда болды. Ендігі таңда өркениеттің пайда болуы мәдени жаңашылдықты талап етті. Ал өркениет дәстүрмен етене біріккен ұжымның аясында қалыптасады. Үнемі даму үрдісін қамтамасыз ету үшін жаңашылдық үрдіс сүйене алатын өзек қажеттілігі пайда болды. Осы орайда, дәстүр өркениет негізделетін мәдени өзекке айналды. Сондықтан да алғашықы өркениет дәстүр шеңберінен шығатын шығармашылықтың нәтижесі ретінде пайда болған еді.
Түйін сөздер: мәдениет, дәстүр, жаңашылдық, этномәдениет, өркениет, сұхбат, әдет-ғұрып, құндылықтар.