Мұсылман әйелдерінде діни біртектіліктің қалыптасуы процесінің ерекшеліктері
Аннотация
Қазіргі таңда өзекті мәселе діни маркер ретінде хиджабтың қазақстандық кеңістікке енуі/оралуы болып табылады. Сондықтан осы зерттеудің мақсаты әйелдердің мұсылмандық діни бірегейлігінің қалыптасу ерекшеліктерін, атап айтқанда әйелдердің намазхан мұсылман әйелінің өмір салтын қабылдау себептерін қарастыру, сонымен бірге мұсылман әйелдердің исламды қабылдағаннан кейінгі орын алған өзгерістерді талдау болып табылады.
Мақалада әйел діндарлығы мәселесіне арналған отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалынды. Заманауи тенденцияларды анықтау мақсатында намазхан әйелдермен тереңдетілген интервью жүргізілді.
Зерттеу барысында заманауи мұсылман әйелдердің белсенді, жан-жақты тұлғалар екендігін, сонымен бірге олар үшін хиджабтың діни мойынсұну, индивидуалды таңдау еркіндігі, наразылық және ержүректіліктің символы екендігін анықталды.
Жалпы, жүргізілген зерттеу биографиялық әдісті қолдана отырып, мұсылман әйелдердегі діни бірегейліктің қалыптасу процесін актор позициясынан көруге мүмкіндік береді. Сондықтан алынған мәліметтер қарастырылып отырған мәселені одан әрі зерттеуде, сонымен бірге студенттерге дәріс дайындауға қолданылуы мүмкін.
Түйін сөздер: ислам, мұсылман әйел, хиджаб, феминизм, діни бірегейлену.