Қазақстандағы ислам және өзге діндердің дамуы мен олардың өзара қарым-қатынасы
Аннотация
Мақалада Қазақстандағы ислам дінінің дамуы, оның өзге діндермен қарым-қатынасының өзектілігі мен маңыздылығы қарастырылған. Бүгінде дін тек ұлттық бірегейліктің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мінез-құлықты реттейтін табиғи нормативтік-құндылықтың құраушысы болып табылады. Қазақстан – діни толеранттылық пен конфессияаралық келісімге негізделген терең өзіндік тарихы бар көне мемлекет. Қазақстан кейбір тарихи факторлар әсерінен және өзінің геосаяси аймақта орналасуына байланысты сан алуан мәдениеттер мен діндердің тараған және қалыптасқан аймағы болып есептеледі. Қазақстан көп ұлтты мемлекет бола тұра, дүниежүзіне толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болып отыр. Дәл осы құндылық ХХІ ғасырда да жас Қазақстанның негізгі ұстанымы болып табылады. Мақалада Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін діндердің өткені мен бүгіні, мәдени және тарихи құндылығы, конфессияаралық келісімнің маңыздылығына талдау жасалған. Сонымен қоса мақалада Қазақстандағы ислам діні мен оның өзге діндермен ортақ мүддеге негізделген қарым-қатынасы, олардың қазақ жеріндегі қалыптасуы мен дамуы сарапталып, тұжырым жасалған.
Түйін сөздер: Қазақстан Республикасы, ислам діні, православие, діни толеранттылық, конфессияаралық келісім.